Categories Көңіл ашар

«National Geographic Qazaqstan» 10 жылдығына орай елшілерін таңдады

Елордада «National Geographic Qazaqstan» журналының 10 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Осы күні басылымның ресми елшілері анықталды.

1888 жылдан бері шығып келе жатқан атақты журналдың қазақстандық нұсқасына биыл 10 жыл толды. Мерейтой қарсаңында ұйымдастырушылар арнайы елшілерді іріктеп алды.

«Біздің елшілер – журналдың идеясын халыққа таратушылар. Олар табиғатты қорғау, ғылым мен мәдениетті насихаттау ісінде белсенді болады», – деді ұйымдастырушылар.

Журналдың қазақстандық редакциясы 10 жыл ішінде еліміздің табиғи байлығы мен мәдени мұрасын дәріптеп келеді. Елшілердің міндеті – осы жұмысты одан әрі жандандыру.

Ұқсас жазбалар

Дзюдодан Қазақстан қоржынына 8 медаль: Астанадағы Grand Slam турнирі қалай өтті

Астанада өткен Grand Slam дзюдо турнирі аяқталды. Қазақстандық балуандар 8 медаль жеңіп алды: 2 алтын,…

Нұрлан Сабуров Ресейде орыс тілінен тест тапсыра алмай, жанжалға тап болды

Нұрлан Сабуров Дубайдағы концертінде Ресейде орыс тілінен тест тапсыра алмай, 50 жылға кіруге тыйым салынғанын…

Үстел теннисіндегі сенсация: Sony-дің AI-роботы кәсіби ойыншыларды жеңіп кетті

Жапонияда үстел теннисінде AI-робот кәсіби ойыншыларды ұтып, спорт әлемін дүр сілкіндірді. Sony компаниясы әзірлеген Ace…