Categories Жайық news

Италиядағы Олимпиада: Қазақстандықтардың бүгінгі жарыс кестесі мен үздік нәтижелері

Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар өнер көрсетуін жалғастыруда. Бүгін бірнеше спорт түрінен отандастарымыз жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жарыстарды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бүгінгі кесте келесідей:

14:30 – Фристайл-акробатика (ерлер). Спортшылар: Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов, Асылхан Асан.

20:30 – Конькимен жүгіру спорты, 1500 м (әйелдер). Спортшылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева, Арина Ильященко.

Қазіргі уақытта Олимпиаданың жалпы медаль есебінде Норвегия құрамасы көш бастап тұр. Үздік үштік мынадай:
• Норвегия – 34 медаль (16 алтын);
• АҚШ – 27 медаль (9 алтын);
• Италия – 26 медаль (9 алтын).

Бүгінге дейін Италиядағы Олимпиада медалін 27 елдің өкілі иеленді.

Сондай-ақ осы уақытқа дейін Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енген қазақстандықтар тізімі де жарияланды:

Надежда Морозова (конькимен жүгіру спорты) – 3000 метрге жарысудан алтыншы орын;
Денис Никиша (шорт-трек) – 500 метр қашықтықта жетінші орын;
Илья Мизерных (тұғырдан секіру) – үлкен трамплиндегі жарыста сегізінші орын;
Анастасия Городко (фристайл) – параллель могулдан сегізінші орын;
Евгений Кошкин (конькимен жүгіру спорты) – 500 метрге жарысудан тоғызыншы орын;
Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау) – оныншы орын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…