Categories Жайық news

Мектеп пәндерін біріктіру тоқтатылды: Министрлік даулы реформадан бас тартты

Қазақстанда мектептегі негізгі пәндерді біріктіру бастамасы тоқтатылды. Бұл шешімді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен брифингте жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін физика, химия және биологияны – «Жаратылыстану» деген бір пәнге, ал алгебра мен геометрияны «Математика» пәніне біріктіру мәселесі қаралған болатын. Сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін біріктіріп, «Әлеуметтік ғылым» пәнін енгізу де жоспарланған еді.

«2025 жылы алқа отырысында физика, химия, биологияны – «жаратылыстануға», алгебра мен геометрияны – «математикаға», дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «әлеуметтік ғылымға» біріктіру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдарды жеке оқыту керек деп санаймыз», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр бұл шешім мұғалімдер қауымдастығымен талқылаудан кейін қабылданғанын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…