Categories Саясат

ТМҰ бақылаушылары: референдум ашық әрі заңға сай өтті

Референдум күні Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы үш топқа бөлініп, Астана қаласындағы 31 дауыс беру учаскесінде мониторинг жүргізді. Бұл туралы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ұйымның Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман мәлімдеді. Оның айтуынша, миссия әкімшілік немесе құқық қорғау органдарының дауыс беру учаскелерінің жұмысына араласуын байқамаған. Адамдар өз еркімен келіп дауыс берген.

«Миссия ешқандай маңызды заң бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді байқамады. Дауыс беру учаскелерінде халықаралық және жергілікті байқаушыларға барлық жағдай жасалған, бәрі қолжетімді болды. Олар жұмыстарын еш қиындықсыз атқарды. Қажетті ақпарат пен техникалық құрал-жабдықтар жеткілікті болды. Сондай-ақ миссия дауыс беру учаскелерінде ешқандай рұқсат етілмеген, заңсыз материалдарды байқамады. Мүгедектігі бар адамдар да өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыра алды. Миссия ақпараттың дұрыс таралуы референдумның сәтті өтуіне ықпал етті деген қорытындыға келді. Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы Қазақстан Республикасында референдумның ашық әрі транспарентті түрде өткеніне көз жеткізді. Барлығы халықаралық стандарттарға және елдің ұлттық заңнамасына сәйкес өткенін мәлімдейміз», – деді спикер.

 

Ұқсас жазбалар

Грузиядан қашқан кәсіпкерді Қазақстанға жеткізді: пара беру ісі

Грузияда жасырынып жүрген қазақстандық кәсіпкер пара бергені үшін іздеуде болған. Оны елге қайтару үшін бірнеше…

Автомектептерге жаңа талап: жүргізуші даярлау жүйесі өзгереді

Мәжіліс жүргізушілерді даярлау жүйесін түбегейлі өзгертетін заң жобасын мақұлдады. Енді автомектептер мен оқу орталықтары жаңа…

Автомектептердегі 5,6 млрд теңге заңсыз алым: ақша кімге кетіп жатыр?

Қазақстанда автомектептер жүргізуші куәлігін алу кезінде жылына 5,6 млрд теңге заңсыз алым жинайды. Депутат бұл…