Categories Саясат

Аида Балаева: Көші-қон саясаты енді экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналады

Қазақстанда көші-қон саясаты түбегейлі өзгеріп, бұрынғы әкімшілік құралдан экономиканы дамытудың маңызды тетігіне айналмақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-премьердің айтуынша, жаңа тәсіл елге келетін және кететін адамдар ағынын реттеп қана қоймай, сонымен бірге білікті кадрларды тарту мен ішкі еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға басымдық береді.

«Біз көші-қонды тек бақылау объектісі ретінде қараудан бас тартамыз. Енді бұл – экономикалық өсуді ынталандыратын құрал. Шетелден мамандар тарту, отандастардың қайта оралуына жағдай жасау – басты бағыттардың бірі», – деді Балаева.

Сондай-ақ ол ішкі көші-қонды реттеу үшін өңірлердің экономикалық мүмкіндіктерін ескеретін жаңа тетіктер енгізілетінін атап өтті. Атап айтқанда, еңбек ресурстары тапшы аймақтарға кадрларды бағыттау жоспарланған.

Жаңа саясат шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген тәртібі де қарастырылып жатыр. Бірақ бұл жергілікті кадрлардың мүддесіне нұқсан келтірмеуі тиіс.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…