Жолдың жыры – еңбектің дауысы: БҚО-да көлік және автожол саласының үздіктері марапатталды

сурет: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында автомобиль көлігі мен автожол саласы мамандарының кәсіби мерекесі атап өтілді. Мерейлі жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жол саласының ардагерлері мен еңбек үздіктерін құттықтап, олардың қажырлы еңбегін жоғары бағалады.

– Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшылар жылы» деп жарияланды. Бұл – қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, олардың ел дамуына қосқан үлесін мойындаудың айқын көрінісі. Ал көлік және жол саласының мамандары – осы еңбектің алдыңғы шебінде, – деді өңір басшысы.

Соңғы жылдары өңірде жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымы айтарлықтай дамып келеді. Тек 2023–2024 жылдары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 1000 шақырымнан астам жол жөнделді.

Биылдың өзінде жоспарланған 485 шақырым жолдың 379 шақырымы толық жөнделіп, өңірдің басты бағыттарында — «Чапай–Жаңғала–Сайхын», «Орал–Федоров–Ресей шекарасы» және «Орал–Тасқала» жолдарында құрылыс қарқыны бәсеңдемей тұр. Сондай-ақ «Хан Ордасы» музей-қорығына апаратын жол да жаңартылып жатыр.

Мерекелік шарада сала ардагерлері мен үздік мамандарға облыс әкімінің алғыс хаттары мен марапаттары табыс етілді.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

Тоқаев қазақ басылымына сұхбат береді

Ақорданың жазуынша 5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы,…

БҚО-да соңғы үш жылда 121 әлеуметтік нысан салынды  

2023–2025 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы кезеңде…

Мемлекет басшысы Жаңа жылда қандай бастамалар мен үндеулер жолдады?

Президент Жаңа жылдық жолдауында ұлттық бастамалар мен жастарға арналған үндеулерін жариялады.