Categories Жайық news

Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан 7 адам қаза тапты: арасында 16 жастағы қыз бар

Щучинск қаласындағы палау орталығында болған жарылыс пен өрт салдарынан жеті адам, оның ішінде 16 жастағы бойжеткен де қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, қайғылы оқиға салдарынан барлығы 26 адам зардап шеккен. Олардың жетеуі көз жұмды, 13-і ауруханаға жатқызылды, ал алтауына амбулаторлық ем тағайындалды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендердің бесеуі Көкшетаудағы көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Тағы екі науқасты тасымалдауға дайындық жүріп жатыр.

«Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеуде. Жарылыстың себептері анықталып жатыр. Жергілікті билік қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсететініне уәде берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…