Categories Қаржы

Жылу маусымына дайындық: инфрақұрылымды жаңғыртуға 2,7 трлн теңге бөлінді

Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов алдағы жылыту маусымына дайындық барысы мен инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын таныстырды. 2023-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға 2,7 триллион теңге қарастырылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жылу электр станцияларының 67 пайызы тозған, ал желілердің тозу деңгейі 70 пайызға жеткен. Осыған байланысты 2024 жылы 17 жылу электр орталығын жаңғырту жоспарланған.

«Біздің басты міндетіміз – халықты үздіксіз жылумен қамтамасыз ету. Ол үшін барлық қажетті қаржы қарастырылған», – деді Сұңғат Есімханов.

Сондай-ақ, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 1,2 триллион теңге бөлініп, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңарту көзделген. Жобалардың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі кеңінен қолданылады.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Өңірлердегі әкімдіктерге дайындықты жеделдету тапсырылды.

Ұқсас жазбалар

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен…

Fitch Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады

Fitch Ratings Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растап, болжамын «Тұрақты» деп белгіледі.

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында апталық жүк рейстерін ашты

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында апталық жүк рейстерін іске қосты.