Орал қаласында жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындардың күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасау мақсатындағы бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Биылғы маңызды учаскелердің қатарында Видяшев көшесінің Ақтөбе көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі бөлігі және Конечный тұйығының Кузнечная көшесінен Конечный тұйығы 2/2 мекенжайына дейінгі аралығы бар.
Аталған жұмыстарды «Ануш-Құрылыс» ЖШС атқарып жатыр. Қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатқан жол бөлігінің жалпы ұзындығы – 1,1 шақырым. Мердігер мекеме қолайлы ауа райын тиімді пайдаланып, жұмыс қарқынын бәсеңдетпей жалғастыруда.
Қазіргі уақытта учаскелердің бірқатарында асфальт төсеу кезеңі аяқталды. Жоба толық жүзеге асқанда бұл аумақтардағы қозғалыс айтарлықтай жеңілдеп, жол сапасы тұрғындар үшін анағұрлым қолайлы болмақ.
Сурет: Орал қ әкімдігі

