Индер–Қарабау жолындағы апат: төрт адам қаза тапты

Сурет: Aikyn.kz

29 мамырда таңғы 06:30 шамасында Индер–Қарабау тасжолының 15-шақырымында жол апаты болды. Салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Апат кезінде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсетті. Алайда алған жарақаттары салдарынан төрт адам оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жолдың тайғақ болуы апатқа себеп болуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы ІІІ Чарльздің туған күніне құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің туған күніне орай құттықтау…

Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

13 маусымға арналған дауылды ескерту Қазақстанның 17 облысында және Астанада жарияланды. 14 маусымда кей жерлерде…

Анталияда Turkish Airlines ұшағы радар мұнарасына соғылды

Анталия әуежайында Turkish Airlines ұшағы қону кезінде радар мұнарасына соғылды. Борттағы 267 жолаушы эвакуацияланып, бір…