Categories Саясат

Қазақстан мен Сауд Арабиясы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Сурет: gov.kz

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясының Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайефпен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Өнеркәсіп секторындағы, әсіресе тау-кен металлургия кешені, аса маңызды минералдарды игеру және инфрақұрылымды дамыту бағыттарындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Е.Көшербаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен стратегиялық серіктестікті дамытуға басымдық беретінін атап өтті. Ол биыл қол қойылған Қазақстан-Сауд Арабиясы Үйлестіру кеңесін құру, инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімдердің маңыздылығын айтты.

Тараптар тау-кен өнеркәсібі мен аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды және саудиялық компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуде су қауіпсіздігі мәселелері де қозғалып, халықаралық су ынтымақтастығын дамыту келешегі қарастырылды.

Б.Әл-Хорайеф екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан ғылымға негізделген саясатпен халықаралық назарда

Қазақстан ЭЫДҰ-ның мінез-құлық командаларының жаһандық картасына енді. Бұл ғылымға негізделген саясаттың халықаралық деңгейде танылуына жол…

Мәжіліс депутаты кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев еліміздегі кәсіби мерекелер тізімін қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы ол Еңбек…

Депутат шетелдік гранттардың нақты бағыттарын ашуды талап етті

Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары шетелдік қаржыландыру туралы ақпарат көлемін кеңейтуді ұсынып, депутат Магеррам Магеррамов…