Categories Жайық news

Қазақстанда некеге тұру көрсеткіші тарихи минимумға жетті

2025 жылы Қазақстанда некелесу коэффициенті 5,62-ге дейін төмендеп, тәуелсіздік тарихындағы ең төменгі көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Өткен жылы елімізде 114,5 мың неке тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда жеті пайызға аз және соңғы 22 жылдағы ең төменгі деңгей болып саналады. Елде халық саны өсіп жатқанына қарамастан, жаңадан шаңырақ көтеретіндер қатары сиреп барады.

Тәуелсіздік жылдарында некелесу көрсеткіші екі рет шарықтау шегіне жеткен: 1991 жылы (10,1) және 2013 жылы (9,89). Алайда 2013 жылдан бері бұл көрсеткіш тұрақты түрде төмендеп келеді. Соңғы 12 жылда неке коэффициенті 4,27 пунктке құлдыраған.

«Коэффициенттің төмендеуі халықтың некеге деген қызығушылығының сөнгенін білдірмейді. Бұл – тек тіркелген неке санына ғана емес, халық санына да байланысты салыстырмалы көрсеткіш. 2014 жылдан бері елімізде некеге тұратындардың негізгі тобын құрайтын (85%-дан астам) 18-39 жас аралығындағы адамдар саны азайып келді. 2023–2024 жылдары олардың саны өсе бастағанымен, бұл жалпы үрдісті өзгертуге жеткіліксіз болды», – деп түсіндіреді сарапшылар.

Статистикаға басқа да факторлар әсер етеді. Мәселен, соңғы он жылда некеге тұрудың орташа жасы 27,1-ден 27,9-ға дейін өскен. Сонымен қатар, ресми есепке алынбайтын азаматтық және діни некелер санының артуы да жалпы көрсеткішке ықпал етеді.

Фото: Pixabay

Ұқсас жазбалар

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…