Categories Қаржы

Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды

Сурет: www.istockphoto.com

2026 жылдың бес айында Қазақстанда 3 мыңнан астам есірткіге қатысты құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, аталған кезеңде шамамен 1,5 мың есірткі қылмысы тіркелген. Сондай-ақ алты ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылған.

«Құқық қорғау органдары 12 синтетикалық есірткі зертханасын және 42 фитозертхананы жойды. Бұдан бөлек, заңсыз есірткі айналымына қатысы бар 12 мыңға жуық интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді. ІІМ мен Ұлттық банк бірлесіп есірткі бизнесінің қаржылық арналарына да тосқауыл қойылып жатыр. Нәтижесінде 107 миллион теңгеден астам күмәнді қаржы аударымы тоқтатылып, 125 мыңға жуық шетелдік төлем картасы бұғатталды. Сонымен қатар 20 мың криптоәмиянға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Министрлік синтетикалық есірткінің таралуы ерекше қауіп төндіріп отырғанын атап өтті. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 466 келі синтетикалық есірткі мен 11 тоннадан астам прекурсор тәркіленген.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Қаржы министрлігі темекінің ең төменгі бағасын көтеру жобасын талқылауға ұсынды. Қазір бір қорап темекі 970…

Көлік вице-министрі Астана-1 вокзалындағы жаңғырту жұмыстарын тексерді

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалының құрылыс алаңында болып, нысанды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарының…

Қазақстанда электромобиль бағасы 33-35%-ға қымбаттады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанға электромобиль импорттау жеңілдіктері алынып, баға 33-35%-ға қымбаттады. Елде 24…