Categories Қаржы

Қазақстанда қызмет көрсету бағасы 10 пайызға өсті

Сурет: istockphoto.com

2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан бойынша ақылы қызметтердің бағасы орта есеппен 10 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Статистикаға сәйкес, елордада қызмет құны 7,5 пайызға өскен. Алматыда бұл көрсеткіш 9,2 пайызды, Шымкентте 9,5 пайызды құрады. Ең жоғары өсім Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді — 15,9 пайыз. Одан кейін Атырау облысы (14,9%) мен Түркістан облысы (13,1%) тұр. Алматы (12,4%) мен Павлодар облыстары да (12%) осы тізімде.

Ең төмен өсім байқалған өңірлер: Астана (7,5%), Маңғыстау облысы (8,3%), Ақмола облысы (8,5%), Шығыс Қазақстан облысы (9%) және Алматы қаласы (9,2%).

Сарапшылардың пікірінше, қызмет көрсету саласындағы баға өзгерісі өңірлердің экономикалық ерекшеліктеріне, еңбек нарығына, халық табысы мен бәсекелестік деңгейіне байланысты. Сондықтан әр аймақта инфляция қарқыны әртүрлі.

Бұған дейін Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросы 2026 жылдың желтоқсанына қарай жылдық инфляция 10,4%-ға дейін төмендеуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауытын іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында…

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады

Ұлттық банк 7 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады.

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.