«Мерейлі отбасы-2025» Ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды

Құрметті облыс тұрғындары! 

Адамгершілік  құндылықтарды жаңғыртуға,  отбасы мәртебесін артыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық, аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Конкурсты өткізудің мақсаты:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;

2) балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2025 жылдың 15 мамырдан 15 маусымға дейін дейінгі аралықта Орал қаласының және аудандық әкімдіктердің Ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада тапсыра аласыздар.

Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).

Ұқсас жазбалар

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді. Тозу деңгейі 61 пайыздан асатын үйлер жөнделмейді.

Астанада полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды

Астанада учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды.

Апорт алмасы қайта жаңғыруда: Қазақстанда жаңа бақтар 110 гектарға дейін кеңейеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Президент Іс басқармасымен бірлесіп, Апорт алма бақтарын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. 2027…