Categories Саясат

Мәжіліс отырысында бірқатар халықаралық келісімдер мен заң жобалары қаралады

Сурет: Мәжіліс

Бүгін Астанада Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. Жиында бірнеше маңызды заң жобасы қаралады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күн тәртібінде Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз келісімін ратификациялау мәселесі бар. Бұл құжат «Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарызға қатысты.

Сонымен қатар депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік келісімін ратификациялау туралы заң жобасын талқылайды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысты екі хаттаманы ратификациялау да қаралады. Олар ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесіне және әскери құралымдар мен жылжымалы мүлікті тасымалдау саласындағы ынтымақтастыққа өзгерістер енгізуді көздейді.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…