ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР үстел теннисі федерациясының атқарушы хатшысы Данияр Ахметов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев және облыстық мәслихат депутаттары, тұрақты комиссия төрағалары Ербол Салықовтың, Борис Лаврентьевтің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитовтың қатысуымен шаһарымыздың қарқынды дамып келе жатқан «Ақжайық» шағын ауданы аумағында «Freedom Shapagat» қорының басшысы Бағлана Мусинамен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – өңір үшін маңызды жаңа спорттық нысан – заманауи үстел теннисі орталығының құрылысына қатысты мәселелерді талқылау және ынтымақтастық бағыттарын нақтылау болды.

Аталған жоба инфрақұрылымды дамытуға, бұқаралық спортты өркендетуге және жастар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Сонымен қатар «Freedom Shapagat қоры» директоры Бағлана Мусина, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы және мердігер «ИнтерСтрой НС» компаниясымен бірлесіп, Орал қаласында Үстел теннисі орталығын салу жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды.

Бұл – өңіріміз үшін аса маңызды оқиға. Жаңа орталық спорттық инфрақұрылымды дамытуға, бұқаралық спортты өрістетуге және жастар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттауға серпін беретін нақты қадам болмақ.

Қазіргі таңда өңірімізде үстел теннисімен 6000-ға жуық адам айналысады. Бұл спорт түрі еліміздегі жетекші бағыттардың біріне айналып отыр.

Ұлттық құраманың мүшелері Кенжигулов Айдос пен Дастан, сондай-ақ Санжар Жубанов сынды спортшыларымыз – өңір мақтаныштары. Олардың жаттықтырушысы — Назарова Сарвар Ризоевна.

Осы жобаның жеке инвестор тарапынан жүзеге асуына қолдау көрсеткені үшін Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турловқа, «Freedom Finance Shapagat» қорының және ҚР үстел теннисі федерациясы басшылығына алғысымызды білдіреміз.

Жаңа орталықтың құрылысы 2026 жылы басталады деп жоспарлануда.

 

 

 

Ұқсас жазбалар

Конституцияға өзгеріс: Елде арнайы мәртебелі қалалар пайда болуы мүмкін

Конституциялық комиссия елімізде Алатау сияқты қаржы саласында ерекше құқықтық режимі бар қалалар құруды ұсынды. Бұл…

«Көрші елден 7 трлн теңге шығарылған»: Тоқаев ірі банктің былығын әшкереледі

Президент Тоқаев қазақстандық банктердің бірі арқылы көрші елден 7 трлн теңгеден астам қаржы шығарылғанын мәлімдеді.…

Данияр Әшімбаев: «Жақсы атақ» пен сыннан қорғау лауазыммен бірге берілмейді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев азаматтардың абыройын қорғау туралы норма шенеуніктер мен ірі бизнеске арналғанын мәлімдеді.