СПОРТШЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жерлесіміз Анастасия Тимошенкованы қабылдады.

Әлемнің үздіктері бақ сынаған дүбірлі додада бұрымды командалық дзюдо бәсекесінде жоғары шеберлік пен қайсарлық танытты.

Аймақ басшысы спортшыны құттықтап, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

— Сіздің жетістігіңіз өңір тұрғындары үшін үлкен мақтаныш. Бұл – тек спорттағы табыс емес, бұл – жігер мен табандылықтың, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіңізге тілекшімін, – деді Нариман Төреғалиев.

Кездесу барысында ел мерейін өсірген спортшының бапкері Теміржан Хасанғалиевке де құрмет көрсетілді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Африкада Эбола қайта өршіді: 88 адам көз жұмды

Африкада Эбола індеті қайта өршіп, 88 адам қаза тапты. ДДҰ вакцинацияны күшейтуде.

АҚШ-та әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып кетті

АҚШ-тың Айдахо штатындағы әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…