Президент әскери оқу орындарының үздік түлектеріне «аға лейтенант» шенін тапсырды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери оқу орындарының үздік түлектеріне алғаш рет «аға лейтенант» шенін табыстады. Президент Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын атап өтіп, ауқымды реформалардың қоғамдық сана мен мемлекеттік басқару жүйесіне серпін бергенін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент нағыз сарбаздың беделі шенімен емес, Отан алдындағы адал қызметімен өлшенетінін ерекше атап өтті. Ол былтыр әскери оқу орындарының үздік түлектерін қолдау жөнінде бастама көтергенін еске салып, оларға «лейтенант» емес, «аға лейтенант» шенін тапсыру қажеттігін айтқан болатын.

«Бүгін осы бастама нақты жүзеге асырылмақ. Сіздер оқуды бітіріп, бірден «аға лейтенант» шенін алатын тұңғыш түлек боласыздар. Бұл – өздеріңізге артылған зор сенім және үлкен жауапкершілік», — деді Мемлекет басшысы.

Іс-шара барысында С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы, Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Ұлттық ұлан академиясы, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектері «аға лейтенант» шенін алды.

Ұқсас жазбалар

2026 жылғы футбол әлем чемпионатының ашылу салтанаты Мехикода өтті

Футболдан 23-ші әлем чемпионатының ашылу салтанаты Мехикода өтті. ФИФА музыкалық шоу ұйымдастырды, онда Андреа Бочелли,…

Шымкенттің ЖӨӨ 5,7 трлн теңгеге жетті — Президент әкімді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі есепті…

Астанада мектеп бітіру кеші 18 маусымда өтеді

Астанада 18 маусымда мектеп бітіру кеші өтеді. Әкімдік қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.