Categories Жайық news

Оралда «Келешек мектебі» жобасы аясында оқушыларға даярлық курсы өтіп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасымен БҚО-да 1 500 орындық жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, 2025–2026 оқу жылына дайындық шеңберінде 1-класқа 8 класс-комплекті жасақталды.

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Келешек мектебі» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба сының мақсаты — үш ауысымдық оқытуды болдырмау, апатты мектептерді жою, оқушы орындары тапшылығын шешу, білім беру саласындағы теңсіздікті азайту және жаңа стандарттарға сай оқу ортасын қалыптастыру. Жаңа №52 жалпы орта білім беретін мектеп 2025 жылғы 17 ақпанда ресми түрде ашылып, білім алушыларды қабылдай бастады.

Мектеп үш қабаттан және 10 блоктан тұрады. Бастауыш, орта және жоғары кластар жеке блоктарда орналасқан. Қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде: 180 бейнебақылау камерасы, дыбыстық хабарлау жүйесі, турникеттер және автоматты құлыпталатын есіктер орнатылған. Өрт қауіпсіздігі үшін арнайы брондалған бөлме қарастырылған. Ерекше қажеттіктері бар балалар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған — пандустар, лифт, арнайы санитарлық тораптар мен инклюзивті білім беру кабинеті жұмыс істейді, — делінген хабарламада.

Мектепте заманауи пәндік кабинеттер, STEM-зертхана, биотехнология, нанотехнология және физика бойынша зертханалар, IT-сынып, лингвистикалық кабинеттер қарастырылған.

Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық дамуы үшін хореография залдары, коворкинг алаңдары, оқу залы бар кітапхана, дизайн және технология шеберханалары, «Үй мәдениеті» және «Тамақтану мәдениеті» шеберханалары орналасқан. Мектепке 70 интерактивті тақта, 116 ноутбук және 170 компьютер берілді. Барлық оқу кабинеті қажет құрал-жабдықтармен толық қамтылған, — делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар

Шымкенттегі кісі өліміне ұласқан төбелес: Іздеудегі тағы үш күдікті ұсталды

Шымкенттегі кісі өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты іздеуде жүрген тағы үш күдікті Түркістан облысынан ұсталды.

Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз көз жұмды: Қылмыстық іс қозғалды

Өскемендегі әскери бөлімде қызмет атқарып жүрген сарбаз қаза тапты. Әскери тергеу органдары қылмыстық іс қозғап,…

Жаңа Конституция : Тоқаевтың реформасы билік құрылымын түбегейлі өзгертпек

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстандағы конституциялық реформаның ауқымы жаңа Конституция қабылдаумен тең екенін мәлімдеді.