Categories Спорт

Германия қақпашысы Мануэль Нойер әлем чемпионатында екі рекорд орнатты

Сурет: Depositphotos.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер екі рекорд орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Топтық кезеңнің алғашқы турында Кюрасаоға қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шыққан Нойер үшін бұл мансабындағы бесінші мундиаль болды. Сондай-ақ тәжірибелі қақпашы Германия сапында ірі халықаралық турнирде ойнаған ең егде футболшы атанды. Бұған дейінгі рекорд Лотар Маттеуске тиесілі еді.

Кездесуде Германия Кюрасаоны 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Феликс Нмеча, Нико Шлоттербек, Джамал Мусиала, Натаниэль Браун және Дениз Ундав бір-бір голдан соқты, ал Кай Хаверц дубль жасады. Кюрасао құрамасының жалғыз голын Ливано Комененсия соқты.

Кюрасао әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Команданы бас бапкер Дик Адвокат жаттықтырады.

Бірінші турдан кейін Германия үш ұпаймен Е тобында көш бастады. Бұл топта Эквадор және Кот-д’Ивуар құрамалары да бар.

Ұқсас жазбалар

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогінде ширек финалда Қырғызстан өкілін жеңіп, жартылай…

Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануымен құттықтау үшін патриоттық акция…

Өзбекстан футболшылары киім ауыстыру бөлмесін тазалап, жазба қалдырды

Колумбиядан 1:3 есебімен жеңілген Өзбекстан құрамасы матчтан кейін киім ауыстыру бөлмесін тазалап, ұйымдастырушы Мексикаға алғыс…