Categories Әлем

Лондонда мыңдаған адам король III Чарльздің туған күніне арналған шеруге жиналды

Сурет: raf.mod.uk

Лондонда мыңдаған адам король III Чарльздің ресми туған күніне орай өткен дәстүрлі Trooping the Colour әскери шеруін тамашалау үшін жиналды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлыбританияның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған адам сенбі күні Лондонда корольдің ресми туған күніне арналған «Туды алып шығу» салтанатын тамашалады. Монархтың қасында жұбайы, патшайым Камилла еріп жүрді. Олар атқа жегілген күймемен жүріп өтіп, жиналған халыққа сәлем берді.

Одан кейін корольдік отбасы Букингем сарайының балконына шығып, әскери авиацияның шеруін тамашалады. Төрт жойғыш ұшақ сарай үстінен ұшып өтіп, аспанда британ тәжінің құрметіне қызыл, көк және ақ түсті із қалдырды. Ал ханзада Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл салтанатқа қатысқан жоқ.

Мемлекеттік әнұран орындалып жатқан кезде Букингем сарайының алдында жиналған монархияға қарсы топ «Not my King» («Менің королім емес») деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Сондай-ақ олар корольдің інісі Эндрю Маунтбаттен-Виндзордың суреттерін көрсетті. Ол сексуалдық қылмыстар үшін сотталған Джеффри Эпстинмен арадағы араластығына байланысты корольдік титулдарынан айырылған еді.

Ұқсас жазбалар

Әзербайжанға үш жаңа бағыт ашылады

Қазақстанның көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмысын тұрақты…

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев Садыр Жапаровқа қосымша мандат беруді ұсынды

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев Ыстықкөл форумында қазіргі президент Садыр Жапаровқа қосымша мандат беру қажеттігін…

Emirates SkyCargo-ның алғашқы жүк рейсі Алматыға келді

Emirates SkyCargo-ның алғашқы жүк рейсі Алматыға келді. Қазақстан компанияның Орталық Азиядағы алғашқы бағыты болды.