Categories Жайық news

АҚШ Қазақстан экономикасына ден қойды: Тоқаев америкалық корпорация басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев U.S. International Development Finance (DFC) корпорациясының атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдап, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы америкалық корпорацияны Қазақстанның орнықты даму жолындағы маңызды серіктесі деп атап, экономиканың түрлі саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін растады.

Кездесу барысында Бен Блэк АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің Қазақстанмен тығыз әрі өзара тиімді байланысты нығайтуға ерекше мән беретінін жеткізді.

«Біз үшін тау-кен өндірісі, көлік-транзит инфрақұрылымы сияқты салаларда бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндігі зор. Бұл бағыттар аймақтық және өңіраралық сауданы кеңейтуде стратегиялық маңызға ие», – деп атап өтті Бен Блэк.

Тараптар осы және өзге де бағыттар бойынша нақты жобаларды қарастырып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі…

OPEC+ Қазақстан үшін мұнай өндіру квотасын арттырды: бұл қандай мүмкіндік береді?

OPEC+ елдері Қазақстан үшін мұнай өндіру квотасын арттыруға келісті. Алайда инфрақұрылымдағы мәселелер өндірісті ұлғайтуға кедергі…

БҚО-да батпаққа батқан көліктен алты адам құтқарылды

Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары батпаққа батып қалған көліктен 6 адамды аман-есен алып шықты. Оларға…