Categories Саясат

Кения президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді: ресми қарсы алу рәсімі өтті

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Кения Президенті Уильям Рутомен ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Рәсім барысында екі елдің әнұрандары шырқалып, құрмет қарауылы сап түзеді. Кения президентін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Бұдан кейін екі ел басшыларының келіссөздері өтеді. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық пен инвестициялық жобалар талқыланады деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

«Amanat» партиясы Саяси кеңесінің отырысы: Ерлан Қошанов күш біріктіруге шақырды

Астанада «Amanat» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтіп, Ерлан Қошанов барлық прогрессивті күштерді бірігуге шақырды.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

Қазақстан елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының вице-министрімен кездесіп, тау-кен өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты талқылады.

«Әділет» партиясы Саяси кеңестің отырысын өткізді

«Әділет» партиясы Саяси кеңестің отырысын өткізіп, ұйымдық даму, өңірлік құрылымды нығайту және алдағы бағыттарды талқылады.