Categories Әлем

Air Canada ұшқышына жеті қылмыстық айып тағылды

Сурет: skiesmag.com

Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, Air Canada әуе компаниясының ұшқышы 17 жыл бойы әуе кемесінің командирі лауазымында қажетті лицензиясыз жұмыс істеген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол 2009 жылы әуе кемесінің командирі атанған. Осы қызметте жүріп 900 ішкі және халықаралық рейс орындап, Boeing 767, 777 және 787 ұшақтарын басқарған.

Канадалық ұшқыштың коммерциялық ұшуларға арналған лицензиясы болғанымен, оған әуе кемесінің капитаны ретінде жұмыс істеуге құқық беретін ATPL-A лицензиясы болмаған.

Әуе компаниясының мәліметінше, ол ірі жолаушылар ұшақтарын қауіпсіз басқару қабілетін тұрақты түрде растап отырған.

Іс бойынша сот процесі күтілуде. Ұшқышқа жеті қылмыстық айып тағылған.

Ұқсас жазбалар

Иранмен келісім жексенбіде бекітіледі — Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі келісімге қол қою…

АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық азамат із-түзсіз жоғалып кетті

АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр. Жас жігітке қатысты іздеу туралы…

Пәкістан премьері АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін екенін айтты

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім алдағы 24 сағат ішінде түпкілікті…