Categories Қоғам

 БҚО ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ   

БҚО ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ақжайық ауданында БҚО облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды.

Ең алдымен, іс-шараға қатысушы ел қонақтары аудан әкімі Мұрат Сердалиннің қабылдауында болды.

Кейін аграрлық техникалық колледжінінің директоры Жарас Сағындықов колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырды.

Аудандық кітапханада ұйымдастырлыған отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі, сондай-ақ ҚХА-ның XXIV сессиясының қорытындылары талқыланып, «Адал адам – адал еңбек» тақырыбында аудан ардагерлерімен кездесу өтті.

Отырысқа қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ердос Умитов өз сөзінде «Бүгінгі кездесуде айтылған әрбір ой, бөлісетін әрбір естелік – біз үшін баға жетпес мұра. Еңбектің қадірін арттырып, адалдық пен әділеттілікті ту еткен қоғам қалыптастыру жолында бұл бастаманың мәні ерекше. Татулық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді дәріптеу, оны ізіміздегі ізетті ұрпаққа жеткізу – қасиетті борышымыз, құрметті парызымыз!», — деді.

Жиында аграрлық техникалық колледжінінің директоры Жарас Сағындықов «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждің атқарған іс-шаралары, «Радуга» ұоғамдық бірлестігінің мүшесі Л.Акутина «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы ұжымның толымды жұмыс нәтижесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Үмбеталиев «Аудандық ардагерлер кеңесінің қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастығы мен ықпалы, атқарған іс-шаралары туралы баяндап өтті.

«ЖАЙЫҚ ТАҢЫ» ГАЗЕТІ

 

Ұқсас жазбалар

Обсудили строительство промышленного парка в Павлодарской области

Роман Скляр обсудил с руководством XINFA GROUP г-ном Чжао Тинъюном строительство промышленного парка в Павлодарской…

Қорғаныс министрлігінің курсанттары армияның практикалық міндеттерін шешуге арналған прототиптер әзірлеуде

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында ғылыми-зерттеу қызметі аясында курсанттар авиациялық қауіпсіздік, тұрақты байланыс және қашықтан…

Волна обсуждений НДС и цен в соцсетях: кто и что за этим стоит

Пользователи соцсетей активно делятся своими наблюдениями и негативным отношением к росту цен и НДС. При…