Categories Спорт

Айым Қанағатова Албаниядағы ITF турнирінде жеңіске жетті

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық жас теннисші Айым Қанағатова Албания астанасы Тиранада өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30 Tirana) турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финалдық кездесуде ол жергілікті үміткер Алессия Чиукезені екі сетте 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Бұл – Айымның халықаралық аренадағы алғашқы үлкен жетістігі.

«Турнирге жақсы дайындалдым. Әр ойында өз мүмкіндігімді көрсетуге тырыстым. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», – деді теннисші.

Айым Қанағатова – Қазақстан теннис федерациясының тәрбиеленушісі. Осы жеңіспен ол ITF рейтингіндегі орнын едәуір жақсартты. Алдағы жоспары – Еуропадағы келесі турнирлерге қатысу.

Ұқсас жазбалар

Бублик «Ролан Гарростан» бірінші айналымда-ақ ұшып кетті

Қазақстанның бірінші, әлемдік рейтингте 18-орында тұрған Александр Бублик Францияның ашық чемпионатында сәтсіз старт алды.

Футбол жұлдызы Дастан Сәтпаев мектеппен қоштасты: соңғы қоңырау соғылды

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы, «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев мектеп бітіріп, соңғы қоңырау рәсіміне…

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Вьетнамда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жаңа салмақ дәрежесінде чемпион…