28 мамырда Қазақстанда бұршақ, найзағай күтіледі: дауылды ескерту

Сурет: Egemen Qazaqstan

28 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт нашарлайды. Синоптиктер бұршақ, қатты жаңбыр және найзағай күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 28 мамырда еліміздің батыс, солтүстік және орталық аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін күшейеді», — делінген хабарламада.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер сақ болуы керек. Мамандар дауыл кезінде ағаштар мен электр бағаналарынан алыс жүруді, үй ішінде болуды ұсынады.

Ұқсас жазбалар

Елде шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті

Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 29 адам қаза тапты, оның 16-сы – балалар.

Қазақстанда электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 3,6 миллионнан асты

Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасының материалдары жыл басынан бері 3,6 миллионнан астам қаралым жинаған.

Астанада оқушылар төбелесі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанада бір топ жасөспірім бірнеше мектеп оқушысын ұрып-соққан. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.