Categories Жайық news

Оралда Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті

 

Орал қаласында екі елдің серіктестігін нығайтуға бағытталған Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы жалғасып жатыр. Форум аясында биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбына арналған көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге отандық ірі кәсіпорындар, жергілікті өндіріс орындары және облыстың 14 колледжі қатысып, заманауи технологиялар мен жасанды интеллект негізінде әзірленген стартап жобаларын таныстырды. Экспозициялар цифрландыру, энергетика, көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларын қамтыды.

Бүгін түстен кейін форумның екінші күнгі жалпы отырысы өтпек. Онда Қазақстан мен Ресей басшылары бейнебайланыс арқылы үн қатып, екіжақты серіктестіктің өзекті бағыттарын талқылайды. Кездесудің қорытындысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, форум аясындағы көрме өңір колледждері мен кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
– Бұл іс-шара студенттер үшін тәжірибе алмасуға, өндіріс орындарымен тікелей байланыс орнатуға үлкен жол ашады. Дуальді оқыту жүйесі арқылы жастар кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алып отыр, – деді өңір басшысы.

Сурет: Орал қ. әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Ақтөбе облысында балабақшада өрт шығып, 50 бүлдіршін эвакуацияланды

Ақтөбе облысында балабақшада шыққан өрттен кейін 50 бала дер кезінде эвакуацияланды.

БҚО-да құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері енгізілуде

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге…

A neatly organized workspace featuring tax forms, calendar, magnifying glass, and office supplies for efficient tax preparation.

2026 жылы ЖК жабу тәртібі өзгерді: жаңа ережелер мен мерзімдер жарияланды

2026 жылы ЖК жабу үшін салық режимін уақытында өзгертіп, есептілікті дұрыс тапсыру қажет.