Categories Қаржы

Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады

Сурет: istockphoto.com

Парламент Мәжілісі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу туралы келісімдерді ратификациялады. Құжат бойынша Қазақстан жалпы сомасы 154,7 млрд жапон иенасы көлемінде несие тартады, бұл қазіргі бағаммен 470 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қаржыландыруды Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі ұсынып отыр. Оның ішінде 92,3 млрд иенаны Халықаралық қайта құру және даму банкі, ал 62,3 млрд иенаны Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі береді.

Несиені өтеу мерзімі – 11 жыл, оның алғашқы 5 жылы жеңілдік кезеңі болып табылады. Сыйақы мөлшерлемесі TONA (Tokyo Overnight Average Rate) көрсеткішіне байланысты есептеледі. Қарызды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қаржы министрі Мәди Такиев қарыздың жапон иенасымен алыну себебін түсіндірді.

«Жапон иенасы валютасын таңдаудағы негізгі себептердің бірі – төмен базалық пайыздық мөлшерлемелер. Сондай-ақ теңге мен жапон иенасы арасындағы тығыз байланыс ескерілді. Бұл қаражат экономиканың маңызды салаларын қаржыландыруды қоса алғанда, Үкіметтің басым бағыттағы шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Бұл банктердің Қазақстанның стратегиялық әріптестері екенін және ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өткен жөн. Қазақстан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі құрамына 1992 жылы қосылды. Еліміздің банктегі үлесі 0,17 пайызды құрайды. Ал Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі құрамына Қазақстан 2017 жылы мүше болды. Қазіргі таңда елдің банктегі үлесі 0,754 пайызға тең. Банктердің белсенді қатысуымен бірқатар маңызды жобалар табысты жүзеге асырылып келеді», – деді министр.

Ведомствоның мәліметінше, экономикалық өсімді қолдау үшін жеңілдетілген шарттармен қарыз тарту халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын құралдардың бірі саналады.

Ұқсас жазбалар

Международные СМИ отметили устойчивость экономики Казахстана на фоне глобального замедления

В аналитическом отчете международной организации World Impact Media Organization (WIMO), опубликованном на сайте информационного агентства…

Елде 5,6 мың шақырым электр желісі жөнделді

Энергетика министрлігінің комитетінде өңірлік электр желілік компанияларының басшыларымен кеңес өтті. Өткен жылыту маусымында 17 мың…

Қазақстан мен Ислам даму банкі жаңа әріптестік стратегиясын әзірлеп жатыр

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ислам даму банкінің президентімен кездесіп, жаңа әріптестік стратегиясын талқылады.