16-18 ақпан аралығында Алматы және Жетісу облыстарының бірнеше қаласында әскери техника қозғалысы байқалады. Бұл Қарулы күштерді жоспарлы тексеру жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскери техника легі Алматы, Қонаев және Талдырқорған қалаларының көшелерімен жүріп өтеді. Оқу-жаттығу шараларына байланысты аталған елді мекендердегі кейбір жол учаскелері уақытша жабылуы ықтимал.
Ведомство азаматтарды дүрбелеңге салынбай, тек ресми және расталған ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
Бұл – Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін пысықтау мақсатында жыл сайын өткізілетін жоспарлы іс-шара.
Фото: Әлеуметтік желіден

