Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді

Сурет: Астана әкімдігі

Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ануар Саипов қоғамдық кеңес отырысында тозу деңгейі 61 пайыздан асатын көппәтерлі үйлер дизайн-кодты сақтау аясында жөнделмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық кеңеске қалалық мәслихаттың «Астана қаласының бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру және дизайн-кодын сақтау мақсатында жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін бекіту туралы» қаулысының жобасы ұсынылды.

– Қазіргі таңда бұл тізімге 21 көппәтерлі тұрғын үй енгізілді. Бұл – техникалық тексеру жүргізіліп, жөндеу қажеттілігі анықталған үйлер. Аталған тізім түпкілікті емес. Қазір Сәулет басқармасы Бас жоспар орталығымен және Урбанистика орталығымен бірлесіп, бірінші желі, екінші желі және кезең-кезеңімен іске асыруды қамтитын жеке тұжырымдаманы әзірлеп жатыр. Сондықтан әзірге осы 21 үйді бекіту ұсынылып отыр, ал алдағы уақытта тізім толықтырылады, – деді Ануар Саипов.

Спикердің айтуынша, тізім жасау барысында елорданың барлық аумағы қамтылады, әсіресе магистральды көшелерге басымдық беріледі. Техникалық тексеру нәтижесінде үйдің тозу деңгейі 61 пайыздан асқан жағдайда, ол апатты тұрғын үй санатына енгізіледі. Ал тозу деңгейі 61 пайыздан төмен үйлерге бірыңғай сәулеттік келбет қалыптастыру және дизайн-код талаптарын сақтау мақсатында күрделі жөндеу жүргізіледі.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленбеген. Бұл жұмыс кейінірек, Урбанистика орталығының қатысуымен үйлердің бірінші немесе екінші кезеңге жатқызылуына қарай жүзеге асырылады. Талқылау қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес Астана қаласы мәслихатының ұсынылған қаулы жобасын қолдады.

Ұқсас жазбалар

Балқашта жаңа AIR-112 тікұшағы кезекшілікке кірісті

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Балқаш қаласында жаңа AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының жұмыс бастау рәсіміне қатысты.

Эдинбургте балтамен шабуыл жасаған ер адам бес адамды жарақаттады

Эдинбургте балта ұстаған ер адам мешіт маңындағы адамдарға шабуыл жасап, бес адамды жарақаттады. Күдікті полициямен…

Қазақстанның 17 облысы мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 маусымда Қазақстанның 17 облысы мен Астана қаласында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп…