Қауіпті аймаққа көпқабатты үйлер салынып жатқаны депутат Бақытжан Базарбектің ашуын туғызды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек елді естен тандырған мәлімдеме жасады: оның айтуынша, мектеп пен аурухана салуға үзілді-кесілді тыйым салынған қауіпті аумақтарда қазір еш кедергісіз көпқабатты үйлер бой көтеріп жатыр. Депутат бұл жерлер жер қыртысының жарықтары – тектоникалық разломдардың дәл үстінде екенін ескертті.

«Балаларға арналған мектеп салуға болмайтын жерге қалайша тұрғын үй кешенін тұрғызуға рұқсат береді?» – деп наразылық білдірді ол.

Базарбектің сөзінше, сейсмикалық қауіп карталары жылдар бойы еленбей, құрылыс саласындағы лоббилердің ықпалы басымдық алып келген. Ол министрліктен бұл мәселеге қатысты нақты әрі ашық жауап талап етіп, қауіпті аймақтарды құрылысқа біржола жабуды сұрады.

Депутат сондай-ақ осы аумақта тұратын азаматтардың көпшілігі өз үйлерінің жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта орналасқанын білмей отырғанын айтты.

«Бұл — жай салақтық емес, халықтың өміріне төнген тікелей қатер», – деді Бақытжан Базарбек.

Сурет: orda.kz

Ұқсас жазбалар

Ауа райы күрт өзгереді: 14 мамырда жаңбыр мен үсік күтіледі

14 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай, тұман және қатты жел күтіледі. Синоптиктер үсік қаупі…

Тоқаев Ердоғанды күтіп алды: екі ел арасындағы байланыс нығая түспек

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алды.

Апта соңына қарай ауа райы құбылмалы: екі антициклон әсер етеді

Қазақстанда 14–16 мамыр аралығында ауа райы екі антициклонның ықпалымен өзгереді. Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп,…