Categories Жайық news

Қаскелеңдегі шулы оқиға: баланы соққан монша қызметкерін жәбірленушінің әкесі жазалаған

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы қоғамдық моншада 13 жасар баланы соққыға жыққан оқиға күтпеген сипат алды. Енді полиция бір-біріне қол көтерген екі тарапқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға жәбірленуші баланың анасы Threads әлеуметтік желісінде видео жариялаған соң белгілі болды. Оның айтуынша, моншаның 27 жастағы қызметкері Заманбек Қазбеков мас күйінде оның ұлына себепсіз тиіскен. Бастапқыда учаскелік инспектор күдіктіге қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Алайда баланың анасы мұнымен келіспей, істі қылмыстық тәртіппен қарауды талап еткен.

Кейіннен полиция ресми мәлімдеме жасап, тергеу Қылмыстық кодекстің 109-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша жүріп жатқанын хабарлады. Бұл қылмыстық теріс қылық болып саналады және ең ауыр жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.

Алайда оқиға мұнымен бітпеген. Істің мән-жайын естіген екінші баланың әкесі моншаға барып, қызметкер Қазбековтің өзін соққыға жыққан. Осылайша, алғашында жәбірлеуші болған жігіт екінші істе жәбірленушіге айналды.

Қазіргі уақытта полиция екі оқиға бойынша да тергеу амалдарын жүргізуде. Бірінші істе монша қызметкері күдікті болса, екіншісінде – баланың әкесіне қатысты іс қозғалған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…