Астанада 19 жастағы студент «Бәйтерек» монументінің жанында әдепсіз суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жариялағаны үшін сот алдына келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Бұл – қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қарсы әрекет деп танылды.
«Өзімнің әрекетімнің салдарын түсінбеппін. Енді өкінемін», – деді студент сот отырысында.
Оқиға елорда тұрғындары мен қонақтары арасында кеңінен талқылануда. Мамандар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігін айтады.

