Categories Жайық news

Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді

Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні ерекше көріністермен есте қалуда. Хан Ордасы ауылындағы №60 сайлау учаскесінде тарихи костюм киген Жәңгір хан бейнесінде жергілікті тұрғын келіп, сайлаушылардың  назарын аударды.

Тарихи кейіпкер дауыс беру рәсіміне қатысып, өз таңдауын жасады. Көрермендер мен учаскеге келген тұрғындар үшін бұл – ел тарихына құрмет көрсету мен азаматтық жауапкершілікті насихаттайтын ерекше сәт болды.

– Қазіргі тез өзгеріп жатқан әлемде ең басты байлық — пайдалы қазбалар емес, адамдар. Сондықтан Конституцияда адами капиталды, яғни білімді, ғылымды және адамдардың дамуын қолдауға басымдық берілуі өте маңызды. Ғылым дамыған сайын жаңа технологиялар пайда болып, жаңа нарықтар ашылады, инвестиция келеді. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгін мен тек тарихи тұлға ретінде ғана емес, ел болашағына бей-жай қарай алмайтын азамат ретінде де өз таңдауымды жасап отырмын. Елдің болашағы әрқайсымыздың шешімімізге байланысты,– деді Жәңгір хан кейпіндегі реконструктор.

Айта кетейік, референдум күні облыстағы барлық сайлау учаскелерінде 446 мыңнан астам азамат өз таңдауларын жасау мүмкіндігіне ие.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…