TikTok тағдыры: АҚШ пен Қытай мәмілеге келді

АҚШ пен Қытай TikTok әлеуметтік желісінің болашағына қатысты алдын ала ортақ келісімге қол жеткізді. Құжатты ресми түрде осы жұма күні Дональд Трамп пен Си Цзиньпин телефон арқылы бекітеді деп күтілуде.

АҚШ Қаржы министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін белгіленген 17 қыркүйекке дейінгі мерзім тағы 90 күнге ұзартылуы мүмкін.

Естеріңізде болса, 2024 жылы сол кездегі президент Джо Байден TikTok-ты сату немесе АҚШ аумағында мүлде жабу жөніндегі заңға қол қойған еді. Ал билікке қайта келген Дональд Трамп бұл шешімнің күшін уақытша тоқтатып, платформаны бұғаттауды кейінге қалдырған.

Осылайша, әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі тағы да үлкен саясаттың ойыншығына айналып отыр.

Ұқсас жазбалар

Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні: Қорғаныс министрлігінің мерекелік жоспары

Қорғаныс министрлігі 6-7 мамырда өтетін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік бағдарламаны жариялады.

Smart City: Президент AI-мен өмір сапасын қалай жақсартуды талқылады

Президент Presight AI басшысымен Smart City жобасын талқылады. Цифрлық шешімдер тұрмыс сапасын қалай жақсартатыны айтылды.

Тоқаев GITEX AI көрмесінде: Қазақстанның цифрлық болашағы қандай?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 көрмесін аралап, цифрлық технологиялар мен…