Categories Жайық news

Трамп: «Иранға соққы беріп, тас дәуіріне қайтарамыз»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияның аяқталуға жақын екенін мәлімдеп, алдағы екі-үш аптада елге «өте күшті соққы» жасалатынын ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Біз өте күшті соққы жасаймыз, бұл оларды тас дәуіріне қайтарады», – деді АҚШ президенті.

Трамп АҚШ пен Израильдің 28 ақпанда бастаған 32 күндік науқанының қорытындысын «айқын жеңіс» деп атап, Иранның енді қауіп төндірмейтінін жеткізді.

Бұл қақтығыс мыңдаған адамның өмірін қиды. Сонымен қатар Ислам революциясының сақшылар корпусы АҚШ-тың ірі технологиялық компанияларының Таяу Шығыстағы кеңселеріне шабуыл жасаймыз деп сес көрсеткен болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«ӨСУ КАПИТАЛЫ: АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті.…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…

ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ КЕМЕ КАСПИЙГЕ АТТАНДЫ

Оралда Отан қорғаушы күніне орай еліміздегі ең ірі кеме суға түсірілді. Салтанатты рәсімге облыс әкімі…