Categories Жайық news

«Полиция қымбат көліктерді көрмейді»: Депутат Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан соң шындықты айтты

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін ішкі істер министріне үндеу жасап, Әл-Фараби даңғылының кешкі уақытта заңсыз жарыс алаңына айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Депутат Ішкі істер министріне арнайы видеоүндеу жолдап, полицияның әрекетсіздігіне шағымданды.

«Кешкісін Әл-Фараби даңғылының заңсыз жарыс орнына айналатынын бәрі біледі. Бұл үлкен қауіп төндіреді, бірақ полиция мұны біле тұра ешқандай шара қолданбайды», — деді Мұрат Әбенов.

Сондай-ақ халық қалаулысы тәртіп бұзушыларға қатысты қос стандарт қолданылатынын атап өтті.

«Сонда заң тек қарапайым адамдарға ғана жұмыс істей ме? Жоғары жылдамдықпен жүрген қымбат көліктерді ешкім тоқтатпайды», — деп ренішін білдірді ол.

Мұрат Әбенов министрді Алматыға жеке өзі келіп, жағдайды өз көзімен тексеруге шақырды.

Еске сала кетейік, аталған жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты. Қазір бұл іс адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу бабы бойынша тергеліп жатыр. Полицияның мәліметінше, күдікті жарақат алып, ауруханада күзетпен жатыр. Жағдайы тұрақтанған соң, ол уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…