Categories Жайық news

Джеки Чанға шапан жапты: Головкин әлемдік аңызбен Италияда кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин әлемге әйгілі актер Джеки Чанмен Италияда жолығып, оған қазақтың шапанын жапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Танымал спортшы бұл сәттің суретін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кездесу барысында Головкин аты аңызға айналған актерге құрмет көрсетіп, иығына ұлттық нақыштағы шапан жауып, басына тақия кигізді.

«Біздің дәуірдің аңызы – Джеки Чанмен кездесу», — деп жазды Головкин.

Бұл кездесу XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық аясында өткен шаралардың бірінде болғаны айтылады. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин жақында Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланған еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…