7 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде найзағай мен дауыл күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

7 маусымда Қазақстанның бірнеше облысында найзағайлы жаңбыр, бұршақ және қатты екпінді жел болжанып отыр. Оңтүстік пен шығыста ауа температурасы +35°C және одан жоғары болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с, түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C. Алматыда ауыспалы бұлтты, аздаған жаңбыр, найзағай, жел 3–8 м/с, түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C. Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с, түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.

Ақтауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с, түнде +16…+18°C, күндіз +22…+24°C. Ақтөбеде ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел түнде 1–6 м/с, күндіз 7–12 м/с, түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C. Атырауда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, жел түнде 2–7 м/с, күндіз 9–14 м/с, түнде +16…+18°C, күндіз +23…+25°C.

Жезқазғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с, түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C. Қарағандыда ауыспалы бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, жел 3–8 м/с, түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C. Көкшетауда ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, жел 7–12 м/с, түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, жел 7–12 м/с, түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C. Қостанайда ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с, түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C. Қызылордада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 4–9 м/с, түнде +17…+19°C, күндіз +34…+36°C.

Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с, түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C. Петропавлда ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін, түнде +12…+14°C, күндіз +24…+26°C. Семейде ауыспалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, жел 5–10 м/с, екпіні 15–18 м/с дейін, түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Талдықорғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с, түнде +13…+17°C, күндіз +29…+31°C. Таразда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с, түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C. Түркістанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с, түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C.

Оралда ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел 9–14 м/с, түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C. Өскеменде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с, түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.

Ұқсас жазбалар

Астанада қызметтік ит көліктен есірткі табуға көмектесті

Астанада Бакс қызметтік иті көліктен гашиш табуға көмектесті. 40 жастағы жүргізуші ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

Астанада III архившілер конгресі қорытындыланды

Астанада III архившілер конгресі аяқталды. Форумда цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріндегі архив саласының болашағы…

Шымбұлаққа тек электромобильдермен кіру талабы күшін жойды

Конституциялық сот Алматы әкімдігінің Шымбұлақ шатқалына тек электромобильдердің кіруіне рұқсат берген қаулысын заңсыз деп таныды.