Categories Қоғам

Мысыр әуежайында зардап шеккен қазақстандықтар саны артты

Мысыр әуежайында зардап шеккен қазақстандықтар саны артты. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

МӘН-ЖАЙ

Әуе тасымалдаушының мәліметінше, дәл сол сәтте қазақстандықтар тіркеуден өтіп жатқан рейске жарнамалық тақта құлаған. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, қалған екі адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олар қонақүйде, – деп хабарлады SCAT баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы Шарм-эль-Шейх әуежайымен және туроператорлармен тұрақты байланыста екенін жеткізді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, кеше Шарм-эш-Шейх әуежайының ұшу аймағында рейске отыруды күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық қалқан құлап, қайғылы жағдай болды. Оқиға салдарынан Қазақстан Республикасының азаматы қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды.

қаза тапқан әйелдің туыстарымен байланыс орнатылып, консул барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Жарақат алған екі әйелге медициналық көмек көрсетілген, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ұқсас жазбалар

Бұрынғы әкім хатшысы һәм Amanat-тың экс-қызметкері Арай Есенбек 10 миллион теңге бопсалағаны үшін ұсталды

Шымкентте танымал журналист әрі блогер, бұрынғы мемлекеттік қызметкер Арай Есенбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол…

Қалтасы жұқа,ар-ұжданы биік тәуелсіз журналистің тағдыры

Қазақстанда тәуелсіз журналист болу – тек кәсіп емес, азаматтық ұстаным. Бірақ сол ұстанымның құны кейде…

Сөз бостандығы шектелген ел – демі тарылған қоғаммен тең

Сөз бостандығы шектелген ел – демі тарылған қоғаммен тең. Ондай елде шындық сыбырлап айтылады, ал…