Categories Қоғам

«49 грамм үшін»: Индонезияда екі қазақстандықты өлім жазасы күтіп тұр

Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады.

Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қазақстанның екі азаматы сәуір айында ұсталып, олардан 49 граммға жуық метамфетамин тәркіленген. Күдіктілер есірткі таратты деп айыпталған.

Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

«Қазір аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында», — делінген СІМ таратқан ақпаратта.

Ескерер жайт, ресми Индонезия заңнамасында көзделгендей – есірткіні сақтау және оның заңсыз айналымы үшін өлім жазасы қарастырылған.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға…