Categories Қаржы

Футболдан әлем чемпионаты: жүлде қоры 871 млн долларға жетті

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлде қорын рекордтық деңгейге көтерді. Енді қатысушы 48 құраманың әрқайсысына кемінде 5,9 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық футбол федерациясы бұл жолы жүлде қорын 871 миллион доллар етіп бекітті. Бұл алдыңғы турнирмен салыстырғанда едәуір өсім. Себебі 2022 жылы Катарда өткен чемпионатта жүлде қоры 440 миллион доллар болған еді.

«Біз футболдың дамуына үлес қосуды жалғастырамыз. Жаңа жүлде қоры әлем чемпионатының маңыздылығын көрсетеді», — деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

48 команда қатысатын алғашқы әлем чемпионаты 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Ұйымдастырушылар жүлде қорын ұлғайту арқылы командалардың бәсекелестігін арттыруды көздейді.

Ұқсас жазбалар

Михаил Шайдоровтың жалақысы қанша? Дирекция түсінік берді

Спортты дамыту дирекциясы мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жалақысына қатысты түсінік беріп, төлемдердің уақытылы жүргізіліп жатқанын…

1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт тек онлайн рәсімделеді

1 маусымнан бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт рәсімдеу толығымен онлайн форматқа көшеді. ХҚКО-ға барудың…

Жасанды интеллект: Қазақстанда 50 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

2035 жылға қарай Қазақстанда 14 мамандық жойылып, 50 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Сарапшылардың болжамынша,…