Categories Жайық news

Дәрігерлер үйіне қайтарып жіберген: Талғарда 20 жастағы қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Алматы облысының Талғар қаласында 20 жастағы Нигина Жағыпарова ауруханаға қаралғаннан кейін бірнеше сағаттан соң көз жұмды. Марқұмның отбасы оның өліміне дәрігерлер қабылдау бөлімінде салған дәрі-дәрмек себеп болуы мүмкін деп санайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 10 қаңтарда болған. Таңға жуық Нигинаның кеудесі қысып, ауырсынуды сезінген. Ол бірден әжесін оятқан.

«Кеудемді бірдеңе қысып тұр» депті. Таңғы сағат бестерде ауруханаға барған. Дәрігерлер анализ алып, электрокардиограмма мен рентгенге түсірген. Қан талдамасы таза, ЭКГ қорытындысы да жақсы болған. Бірақ рентген қыздың бронхопневмонияға шалдыққанын көрсеткен. Осыдан кейін жиенімді қабылдау бөлімінде жатқызып, спазмды басу үшін преднизолон және тағы бірнеше препарат қосылған система салған», – дейді Нигинаның нағашы ағасы Рехімжан Мұсаров.

Осыдан кейін дәрігерлер бойжеткенді үйіне қайтарып жіберген.

«Сізге пульмонолог керек, ал бізде ондай маман жоқ. Жекеменшік дәрігер табыңыз» депті. Нигина әжесімен үйге оралған соң маған телефон шалды. Бар жағдайды айтып берді. Мен оны ауруханаға қайта апаруды ұсындым. Дәрігерлермен өзім сөйлесіп, жатқызуын сұрайтынымды айттым. Пневмониямен ауырған адамды қалай үйге жібере салады? Аздап бақылауда ұстау керек еді ғой», – деп ашынады ол.

Нигина ағасының ұсынысына келіскен, бірақ алдымен сәл мызғып алғысы келетінін айтқан. Алайда, сол ұйқысынан оянбаған.

Туыстарының айтуынша, Нигинаның денсаулығы мықты болған. Олар ауруханаға барған кезде анализдері мен кардиограммасы жақсы шыққан қызға не болғанын түсіне алмай дал. Нағашы ағасының ойынша, бар мәселе оған салынған дәріде болуы мүмкін.

Фото: Отбасылық мұрағаттан

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…