Categories Саясат

Қытай СІМ Батыстың айыптауларына жауап қатты

Қытай СІМ Батыстың айыптауларына жауап қатты,-деп жазады Жайықмедиа.кз.

Қытай сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысқа қатысты кезекті мәлімдеме жасады. Ведомство өкілінің айтуынша, Бейжіңге бағытталған айыптаулар мен экономикалық қысымдар негізсіз.

«Біз Бейжіңге қарата жиі айтылатын айыптаулар мен экономикалық қысымдарды қатаң айыптаймыз. Украинадағы соғысты біз бастаған жоқпыз. Біз ол соғыстың қатысушысы да емеспіз. Қытай әрдайым Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен реттеуді қолдап келеді», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Қытай тарапы Батыс елдерінің өздеріне бағыттап отырған сындары геосаяси мүддеден туындайтынын айтып отыр. Пекин ресми түрде бейтарап ұстанымда екенін бірнеше рет жариялағанымен, Батыс мемлекеттері Қытайдың Ресеймен экономикалық және технологиялық байланыстарын соғыс қимылдарын жанама түрде қолдау ретінде бағалайды.

Сарапшылардың пікірінше, Қытайдың бұл мәлімдемесі халықаралық қысымның күшейгенін көрсетеді. Әсіресе АҚШ пен Еуроодақ елдері Пекиннің Мәскеумен әріптестігіне алаңдаушылық білдіріп отыр.

Ұқсас жазбалар

Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы: ашықтық пен жауапкершілік

Қазақстан жаңа саяси кезеңге аяқ басты. Биыл 23 тамызда ел тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарының…

«Ақ жол» партиясының сайлауалды съезі Астанада өтті

Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезі өтті. Партия төрағасы Дания Еспаева сайланды.

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен…