Categories Жайық news

Миллиардтар жұмсалған крематорий: Алматыдағы нысанға не кедергі болып тұр?

Алматыда 2021 жылы салынып біткен Қазақстандағы алғашқы крематорий заңнамалық кедергілерге байланысты әлі күнге дейін іске қосылмай тұр. Шенеуніктер қаңтар айында нысанды «жақын күндері» ашамыз деп уәде еткенімен, арада екі ай өтсе де, еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Құрылысы 2021 жылы аяқталған нысанның ашылуы үнемі кейінге шегеріліп келеді. Биыл қаңтарда жауапты тұлғалар крематорийдің жұмысы санаулы күндерде басталатынын мәлімдеген. Алайда наурыз айының соңы болса да, миллиардтаған теңге жұмсалған ғимарат әлі бос тұр.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселенің заңнамадағы олқылықтарға байланысты екенін мойындады. Ведомствоның хабарлауынша, елімізде кремация процедурасын реттейтін нақты ережелер мен заңнамалық актілер әлі қабылданбаған.

Қазіргі уақытта билік өкілдері осы олқылықтың орнын толтыру үшін тиісті ережелерді әзірлеу үстінде. Олар нақты кімдерді кремациялауға болатынын анықтап, қызметтің соңғы бағасын «пайда нормасын» ескере отырып бекітуді көздеп отыр.

Шенеуніктер тізім мен тарифтерді келісіп жатқанда, қыруар қаржыға салынған маңызды нысан кезекті қол қоюды күтіп, тоқтап тұр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…