Categories Әлем

Қазақстандықтардың жартысының қан қысымы жоғары: бұл неге қауіпті?

Қазақстанда әрбір екінші ересек адам гипертониямен ауырады. Бұл – инфаркт пен инсультке апаратын ең көп таралған себептердің бірі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

17 мамыр – Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дерт көп жағдайда ешқандай белгі бермейді, сондықтан адамдар аурудың барын білмей жүреді.

«Гипертония – «тыныш өлтіруші». Қан қысымын үнемі бақылап отыру керек. Әсіресе, 40 жастан асқандарға бұл міндетті шарт», – дейді кардиологтар.

Мамандар тұзды азайтып, дене белсенділігін арттыруды ұсынады. Сондай-ақ, жылына кемінде бір рет қан қысымын тексертуге кеңес береді.

Ұқсас жазбалар

Пәкістан премьері АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін екенін айтты

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім алдағы 24 сағат ішінде түпкілікті…

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймаққа әсер етті

Конго Демократиялық Республикасында Эбола ауруының расталған жағдайлары 689-ға жетіп, 139 адам қайтыс болды.

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақты қамтыды

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусы расталғандар саны 689-ға жетіп, 139 адам қайтыс болды.