Categories Спорт

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 111-орында тұр

Сурет: Egemen Qazaqstan

ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы 111-орынға тұрақтаған. Маусым айында өткен екі кездесуде жерлестеріміз Армениямен тең ойнап (1:1), Мажарстаннан ұтылды (1:3), деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үздіктер тізімінде Аргентина көш бастап тұр. Екінші және үшінші орында Испания мен Франция. ТОП-10 құрамына Англия, Португалия, Бразилия, Марокко, Нидерланд, Бельгия және Германия командалары енген.

Биылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасында ПСЖ жеңіске жетті. Финалда олар Лондонның «Арсеналын» пенальти сериясында (1:1, 4:3) ұтты. Шешуші ойында Кварацхелия гол соқты. УЕФА-ның символдық құрамына Давид Райя, Нуну Мендеш, Габриэл Магальяэс, Маркиньос, Маркос Льоренте, Хвича Кварацхелия, Витинья, Деклан Райс, Майкл Олисе, Гарри Кейн және Усман Дембеле кірді.

Ұқсас жазбалар

Футболдан ӘЧ-2026: АҚШ құрамасы Аустралияны 2:0 есебімен жеңді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының D тобында АҚШ құрамасы Аустралияны 2:0 есебімен жеңіп, плей-офф сатысына…

АҚШ құрамасы Австралияны ұтып, D тобында көш бастады

Футболдан әлем чемпионатының D тобындағы екінші турда АҚШ пен Австралия құрамалары кездесіп, америкалықтар 2:0 есебімен…

Әлем чемпионаты: бүгін төрт кездесу өтеді

Бүгін түнде әлем чемпионатының топтық кезеңінде төрт матч өтеді. АҚШ Австралиямен, Шотландия Мароккомен, Бразилия Гаитимен,…