Categories Жайық news

Атыраудағы жұмбақ оқиға: Өлтірілген ерлі-зайыптының қызы мен күйеубаласына халықаралық іздеу жарияланды

Атырау облысында ерлі-зайыптының өліміне қатысты күдікті мен олардың кіші қызына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Атырау облысының полиция департаменті Жангелдин ауылында кісі қолынан қаза тапқан ерлі-зайыптының ісі бойынша жаңа деректерді жариялады. Олардың мәліметінше, қылмысқа басты күдікті – марқұмдардың күйеубаласы, яғни Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны.

«Қылмыс жасады деген күдікке Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны ілінді. Сондай-ақ басқа да тұлғалардың ықтимал қатысы тексеріліп жатыр», – деп атап өтті полициядағылар.

Күдіктімен бірге оның жұбайы, яғни марқұм болған отбасының 30 жастағы кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға да іздеу жарияланған. Алайда полиция оның іс бойынша «хабар-ошарсыз кеткен» ретінде өтіп жатқанын нақтылады.

«Біз халықаралық іздеудің бағыттарын жариялай алмаймыз, себебі күдіктілерге жетуі мүмкін кез келген ақпарат тергеу барысына кедергі келтіруі ықтимал. Халықаралық іздеу әлемнің барлық елінде жүргізілетінін ескертеміз», – деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Бұдан бөлек, өлтірілген ерлі-зайыптының 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы үлкен қызы Мейрамгүл Қарабалинаны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Наурыздың телефоны 6 қаңтардан бері өшірулі болғаны белгілі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген…

ОБЛЫС ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЖӘНЕ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастап келген мәртебелі меймандармен кездесті.…